- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Сапалы білім беру» тармағы аясында түлектермен кездесу болды
«Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Сапалы білім беру» тармағы аясында түлектермен кездесу болды
11 қараша, 2024
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің 2020 жылғы түлектері Смаилов Әділ мен Бадавлат Руми факультетке қонаққа келіп, студенттермен кездесті. Смаилов Әділ Иранда Заркух тау-кен компаниясының атқарушы директорының көмекшісі, ал Бадавлат Руми осы компанияда коммерция саласының менеджері қызметін атқарады. 2003 жылы құрылған Заркух тау-кен компаниясы Иранның Күрдістан провинциясындағы Саригуни кенішінде алтынды барлау және өндірумен белсенді айналысады. Алтын үйіндісін шаймалаудың жаңа технологиясын қолданатын бұл біріккен иран-қазақстандық компания тау-кен өндіруші компаниялар арасында жаңашыл ретінде танымал. Смаилов Әділ мен Бадавлат Руми өздерінің қалай парсы тілін үйренгенін айтып, студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісті. Университетте алған білімдері мен дағдыларын практикада қалай пайдаланып жүргендерін аса қызықты түрде баяндап берді. Олар өздерінің компаниясы, ондағы өндіріс, сол компанияда жұмыс жасап жүрген ҚазҰУ түлектері және сондай-ақ ирантанушы түлектер үшін болашақта жұмыс жасауға болатын перспективалық бағыттар туралы әңгіме қозғады.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025