Өзбекстанға ғылыми-мәдени іссапар: аймақтың білім беру және рухани мұрасына ену.Farabi University

51

Өзбекстанға ғылыми-мәдени іссапар: аймақтың білім беру және рухани мұрасына ену.

9 қараша, 2024

2024 жылғы 21-26 қазан аралығында Шығыстану университетінің (OIENTAL UNIVERSITETI OZBEKISTON RESPUBLIKASI) шақыруымен қытайтану кафедрасының профессоры Н.А. Алдабек пен Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Ж.Е. Ашинованың Өзбекстан Республикасына іссапары жүзеге асырылды. Іссапар аясында шығыстану университетінің басшылығымен танысып, факультеттерде кездесулер өтті. 22 қазанда Шығыстану университетінің конференц-залында Шығыстану университетінің профессор-оқытушылар құрамымен жабық академиялық дискуссия өткізілді. Профессор Н.А. Алдабек Қытай мен Сингапурдың даму моделі бойынша және доцент Ж.Е. Ашинова Жапония мен Оңтүстік Кореяның қазіргі даму моделі тақырыбында пікірталаста сөз сөйледі. "Шығыс елдерінің дамуының конфуцийлік моделінің прагматикалық тәжірибесі: Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея" зерттеу жобасы бойынша идеялар мен пікірлер алмасуы болды, бұл іс сапар осы жоба есебінен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, тарих және филология факультеттерінің шығыстанушы зерттеушілерімен зерттеу жұмыстарын жүргізу идеялары мен тәжірибелерімен алмасу, ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастық перспективалары және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің ОПҚ мен студенттерінің ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мәселелерін талқылап,  нәтижелі кездесу өткізілді. Дереккөздер мен арнайы әдебиеттерді іздеу және жинау мақсатында Ташкент, Самарқанд және Бұхара қалаларындағы Өзбекстан кітапханаларына бардық. Ақырында, іссапар барысында Өзбекстанның жоғарыда аталған қалаларының мұражайларына, тарихи орындарына және ескерткіштеріне экскурсиялар жасау бұл сапардың ғылыми бөлігіне маңызды қосымша болды және Орталық Азияның мәдени мұрасын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Қытайтану кафедрасының профессоры Алдабек Н.А.,

Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Ашинова ж. е.