- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Сапалы білім беру» тармағы аясында курсанттар парсы тілін оқып жатыр
«Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Сапалы білім беру» тармағы аясында курсанттар парсы тілін оқып жатыр
8 қараша, 2024
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында осы оқу жылында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3 курсанты шығыстану БББ бойынша парсы тобына 1 курсқа қабылданды. Осы студенттерден факультеттегі дәрістері туралы әсерлерін сұрадық:
Шалқар Біржанұлы: Жалпы оқу бағдарламасы өте қолайлы түрде жасалған. Оқытушылар өз міндетін өте жақсы біледі, кафедрада шет елдік оқытушылар да дәріс береді, шетелдік студенттер де бар. Көптеген іс шаралар өткізіліп тұрады және студенттермен кері байланыс бар.
Иван Воронцов: Нақты оқу бағдарламасы мен кәсіби оқытушылар құрамының арқасында парсы тілін үйрену сәтті жүріп жатыр: оқуда кідіріс немесе түсінбеушілік жоқ деуге болады. Екі айдың ішінде біршама грамматика негіздерін үйреніп, қарапайым қарым-қатынас дағдыларын игеріп қалдық. Бұл факультетте тілді мүлдем білмей келген кез келген адам оны толық меңгере алады деп ойлаймын.
Мансұр Жұмабаев: Әрине, оқу үдерісінде оқытушылар маңызды рөл атқарады. Олардың тәжірибесі бірден көрінеді. Тақырыпты қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен салыстыра түсіндіру студенттермен жұмысты жеңілдетеді және оқу барысын жеделдетеді. Сондай-ақ кафедрада шетелден келген мамандар мен студенттер бар, бұл тілдік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Университет жүйесі студенттердің жақсы білім алуына қолайлы түрде жасалған.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025