Әлібеков Сайлаубек ТынышбекұлыFarabi University

51

Әлібеков Сайлаубек Тынышбекұлы

8 қараша, 2024

ылыми дәрежесі мен атағы:
Құқық ғылымдарының докторы, профессор

Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі.

Кәсіби жұмыс тәжірибесі:

  • Еңбек жолын 1979 жылы ҚазМУ-дың Криминалистика кафедрасының ассистенті болып бастады.

  • 1980 жылдан бастап: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (1980 ж.), Қазақ КСР заңдар жинағы (1982-1984 жж.), Тұрғын үй кодексі (1983 ж.), «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заң және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен үкімет шешімдерінің жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарының мүшесі болды.

  • 2002–2003 жылдары: ҚР Кеден кодексі және оған түсініктемелер бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізді.

  • 2008–2009 жылдары: Мемлекеттік мүлік туралы заң жобаларын әзірлеуге қатысты.

  • 2009 жыл: Электрондық үкіметті дамыту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарға қатысқан.

  • 2010 жыл: ЕурАзЭҚ Кеден одағының құжаттары және Қазақстан Республикасы кеден ісі бойынша сараптамалық жұмыстар атқарған.

  • 2007–2012 жылдары: Құқықтық сараптама институтының бас ғылыми қызметкері ретінде бірқатар заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізді.

  • 2021 жыл: Қазақстан Республикасы және ЕАЭО кеден заңнамасының тиімділігі бойынша аналитикалық құжаттарды дайындауға атсалысты.

ылыми бағыты мен жарияланымдары:
Профессор С.Т. Әлібеков — 600-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 35-тен астам монографиялардың, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Олардың қатарында ұжымдық еңбектер және электрондық форматтағы құжаттар жинақтары бар.

ылыми жетістіктері:
Профессордың еңбектері заң ғылымы мен құқықтық тәжірибенің көптеген өзекті салаларын қамтып, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосуда.

 

Басқа жаңалықтар