- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Тұрақты даму үшін серіктестік" ТДМ шеңберінде қытайтану кафедрасының оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты
"Тұрақты даму үшін серіктестік" ТДМ шеңберінде қытайтану кафедрасының оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты

2024 жылы 1 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жошы Ұлысының 800 жылдығына және «Тарих және мәдениет» ғылыми орталығы директоры Сыздықов Сатай Мақсұтұлының 70 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюциясы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ылым академиясының құрметті академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы үздік ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сыздықов Сатай Мақсұтұлының 2003-2005 жылдар аралығында шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарғандықтан, осыған орай конференцияға қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы баяндамасымен қатысып, шығыстану факультетінің деканы Ем Наталья Борисовнаның және шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы атынан құрметті академикті мерейтойымен құттықтады.
Басқа жаңалықтар

