
25-қазан республика күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ №17-жатақханасында Орыс филологиясы және әлем тілдері кафедрасының оқытушысы Оспан А. О. Ұйымдастыруымен "Национальные игры казахского народа" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты келешек ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық ойын түрлерімен таныстырып қана қоймай, сондай ақ студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып үйренуімен қатар, ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін жастар арасында қайта жаңғырту, насихаттау болып табылады. Дөңгелек үстел жатақхана студенттерімен танысу және Мозговой штурм әдісін қолдана отырып студенттермен өзара ой-талқы алмасудан басталып, ары қарай өскелең ұрпақтың ұлттық стереотипке қатысты ойларын анықтау мақсатында риторикалық сауалдар қойылды. Іс-шара барысында жатақхана студенттері қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, жойылып бара жатқан ұлттық ойын түрлері жайында кыскаша бейнебаян, презентация, көрнекіліктермен танысты және одан да өзге көптеген құнды мәліметтерді бойына сіңірді. Іс-шара соңына таман студенттер шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық, нарды секілді ойын түрлерін әр түрлі топтарға бөліне отырып ойнады. Сондай ақ, топ ішінде өнерлі, талантты студенттер топтан суырылып шығып өлең оқыды, ән айтты. Қорытындылай келе, осы секілді дәстүрлі іс-шаралардың көптеп өткізілуі студенттердің ұлттық дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, сондай ақ өнерлі, талантты студенттердің өзін танытуына септігін тигізеді.
Басқа жаңалықтар


