- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында шығыстану факультеті «Кампус ішінде кампус» бағдарламасының отырысына қатысты
«Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында шығыстану факультеті «Кампус ішінде кампус» бағдарламасының отырысына қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті университет қабырғасында өткен «Кампус ішінде кампус» бағдарламасының кезекті отырысына белсенді қатысты. Іс-шара аясында серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғылым мен білім саласындағы жетістіктер мен жаңа жобалар талқыланды.
Шығыстану факультеті «Кампус ішінде кампус» бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып, ҚазҰУ мен Жапония университеттері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Бұл жоба арқылы білім, тәжірибе және идеялар алмасуға бірегей мүмкіндіктер ашылып, халықаралық байланыстарды нығайтуға және ғылымды дамытуға ықпал етеді.
«Кампус ішінде кампус» жобасы қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: ҚазҰУ-дың шамамен 100 студенті Цукуба университетінде оқуға шәкіртақы иегерлері болса, Цукубаның шамамен 100-ге жуық студенті ҚазҰУ-да қазақ және орыс тілдерін, Қазақстан экономикасы мен халықаралық қатынастарды оқыды. Өткен отырыс барысында білім беру және ғылыми алмасуларды кеңейтуге арналған келесі қадамдар, сондай-ақ білім мен мәдени өзара әрекеттестікті тереңдетуге бағытталған жоспарлар қарастырылды.
ҚазҰУ Жапонияда қазақ тілін және мәдениетін насихаттауға белсенді ықпал етеді. ҚазҰУ оқытушылары Цукуба университеті студенттеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын әзірлесе, шақырылған профессор Цукуба университетінің шақыртылған профессоры Ниномия Такаши «Қазақ тілі грамматикасы бойынша нұсқаулық» кітабын аяқтауға жақын. Бұл еңбектер жапон студенттерінің қазақ тілін үйренуін қолдап, мәдени алмасуға ықпал етеді.
Кезекті отырыс қол жеткізілген нәтижелерді талқылауға, идеялармен алмасуға және жаңа жетістіктерге шабыт алуға тамаша мүмкіндік болды. Біз осы бастаманы дамыта отырып, инновациялар мен өзара байытуға арналған кеңістік жасайтынымызға сенімдіміз.
Басқа жаңалықтар

