- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында “Сапалы білім беру” ТДМ-ы аясында кездесу өткізілді
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында “Сапалы білім беру” ТДМ-ы аясында кездесу өткізілді
2024 жылдың 29 қазанында шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының “Сапалы білім”бағыты аясында факультеттің жұмысберушілер Кеңесі құрамының мүшесі, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д, профессор Рысбаева Гулдархан Калиевнамен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен сапалы білім берудің бағыт-бағдарлары мен мақсаттары жайында айтылды. Білім алу адамдардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын жақсартудың негізін қалайды. Қатысушылар әлеуметтік бірлік пен ұлттық бірегейлікті білім алу аясында дамыту жолдарын ұсынды. Студенттер болашақта бұл жоба аясында қоғамға тигізе алатын пайдасы, жоспарлары туралы ой білдірді.
Іс-шара білімнің қоғамның дамуындағы, болашақтың көркеюіндегі ең басты кілт факторы екені деген пікірімен аяқталды.
Жумажанова Ф Т., Хаван Айдынгул
Басқа жаңалықтар

