«Халықтың саяси мәдениеті» жобасы аясындағы семинар

2024 жылдың 27 қыркүйегінде «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры «Халықтың саяси мәдениеті» жобасы аясында студенттерге семинар ұйымдастырды. Семинарға «Саясаттану және саяси технологиялар» және «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты. Құттықтау сөзді философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары Елдос Нұрланұлы мен халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Серікбайқызы Байкүшікова жеткізді. Семинар модераторы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қисықов Бекнұр Сейітжанұлы болды. Семинарға баяндамашы ретінде шақырылғандар: қоғам қайраткері Ерлан Дәулетұлы Стамбеков; «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» ҚҚ директорының орынбасары Шибутов Марат Мағсумұлы. Семинар тақырыбы: «Саясаттағы көшбасшылық және коммуникация». Тренинг соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.
Басқа жаңалықтар

