Әл-Фараби атындағы №46 орта мектеп оқушылары музейде
24 қазан, 2024

Қазан айының 24 күні әл-Фараби атындағы №46 орта мектеп директоры Сұлтан Данашұлының мен жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д. Салтанат Алихановнаның бастамасымен 10 «Б» сынып оқушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетіне келді.
Бұл шара оқушыларға мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражай экскурсоводы, Касымова Базаркуль Айтпаевна қарсы алып, мұражай қорындағы жәдігерлермен таныстырды. Оқушылар мұражайды таң қалумен тамашалап шығып, мамандық бойынша толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Басқа жаңалықтар

30 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025