«Сапалы білім» ТДМ аясында Қиыр Шығыс кафедрасы ашық сабақ өткізді

2024 жылдың 17 қазанында Қиыр Шығыс кафедрасында «Базалық шығыс тілі» пәні бойынша «Шығыстану» мамандығының бірінші курс студенттері үшін аға оқытушы С.Ж. Исмаилованың ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті. Корей тіліндегі «Көлік» сабағының тақырыбы студенттердің кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ олардың сөздік қорын және көлікке байланысты лексикасын кеңейту мақсатында таңдалды.
Сабақ мотивациялық-бағытталған кезеңнен басталды. Оқытушы осы тәсіл арқылы студенттерде жағымды психологиялық көңіл-күй қалыптастырып, олардың процеске белсенді қатысуына ықпал етті. Оқытушы Исмаилова мәселелік сұрақтар қою, демонстрациялық материалдарды, сондай-ақ аудио- және бейнематериалдарды пайдалану сияқты студенттердің белсенділігін арттырудың түрлі әдістерін пайдаланды.
Сабақ бағдарламасы үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде студенттер диалогпен жұмыс істеп, өткен сөздерді қайталап, жаңа сөздермен танысты. Екінші кезең грамматикалық құрылымдарды түсіндіруді және оларды бекітуге арналған жаттығуларды орындауды қамтыды. Тыңдау кезеңінде студенттер дұрыс жауаптар таңдап, мәтінде сәйкессіздіктер іздеді.
Сабақ соңында оқытушы тақырып бойынша қорытынды жасап, үй тапсырмасын берді. Сабақтың басында қалыптасқан позитивті көңіл-күй оқу процесіне оң әсерін тигізді және сабақ бойы студенттердің тартылу деңгейінің жоғары болуына ықпал етті.
Аға оқытушы Пак Т.Н.
Басқа жаңалықтар

