"Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз"Farabi University

51

"Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз"

14 қазан, 2024

2024 жылғы 14 қазанда "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз" жобасы аясында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында "Биология"мамандығының студенттері қатысқан іс-шара өтті. Ұйымдастырушы кафедра оқытушысы Рысқали Толғанай Бағдатқызы болды. Іс-шараның тақырыбы ТДМ 12-мен де "жауапты тұтыну және өндіріс" байланысты.

Іс-шараның мақсаты экологиялық санаға негізделген қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға жәрдемдесу болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын қоғамның назарын экологиялық білім деңгейін арттыру қажеттілігіне аударады. Себебі адамның әл-ауқаты салауатты ортаға және оның өмір сүру жағдайларына тікелей байланысты. Экология өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтиды және оның негіздерін білу қоғамға өз қызметін ақылмен жоспарлауға, табиғаттың бір бөлігін сезінуге және оны сақтау үшін күресуге көмектеседі. Сондықтан тұрақты болашақтың пайдасына саналы шешім қабылдау үшін экологиялық жүйелердің қалай жұмыс істейтінін және дамитынын түсіну маңызды.