"Тұрақты даму үшін серіктестік" ТДМ-ы аясында Арабтану бөлімінің меңгерушісі халықаралық ғылыми семинарға қатыстыFarabi University

51

"Тұрақты даму үшін серіктестік" ТДМ-ы аясында Арабтану бөлімінің меңгерушісі халықаралық ғылыми семинарға қатысты

28 қазан, 2024

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл  ханым  2024 жылдың 24-қазаны күні IRCICA (Түркия), Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті және ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесе  ұйымдастырылған  "Қазақстандағы қолжазба қорлар: сақтау және зерттеу"  атты II халықаралық ғылыми семинарға қатысып, "Әбу Насыр әл-Фараби трактаттары қолжазбаларының өңделуі" атты баяндама жасады.

Екінші рет оффлайн және онлайн форматта  ұйымдастырылып отырған халықаралық ғылыми семинарға Қазақстан, Түркия, Ресей, Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция елдерінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысып, жазба мұраның сақталуы мен зерттелуі жайлы ойларымен, ғылыми-практикалық тәжірибелерімен бөлісті. ылыми семинарға қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.