
2024 жылдың 26 қазанында Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 1-курс студенттері Габит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына барып, ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «Болмаған балалық шақ» спектаклін тамашалады. Бұл шара студенттердің оқу үрдісінің маңызды бөлігіне айналып, кәсіби білімдерін ғана емес, рухани құндылықтар мен мәдени аспектілерді түсінуін дамытуға көмектесті, ал бұл сапалы білімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Негізгі мақсат – жасөспірімдерді әр істен жеңіске жетуге және болашақта жарқын, бақытты күндерді күтуде шыдамдылыққа үйрету. Шығарма басты кейіпкердің қиындықтар мен сынақтарға толы балалық шағы туралы баяндайды. Студенттер қиындықтардың мықты мінез қалыптастырып, адамда төзімділік, жауапкершілік және жанашырлықты тәрбиелейтінін көрді. Адамгершілік құндылықтар мен отбасының рөлі тақырыбы көрермендердің қызығушылығын тудырып, белсенді талқылауға себепші болды, бұл қазақ халқының мәдени мұрасын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Театрға бару кафедраның мәдени ортаға сүңгу арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл шара бірінші курс студенттерінің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың болашақ филология және аударма ісі саласындағы кәсіби қызметіне қажетті көркем мәтінді талдау дағдыларын нығайтуға көмектесті.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А. С. Аушенова
Басқа жаңалықтар


