ҚазҰУ-да «Сапалы білім» ТДМ аясында корей мәдениеті күні өтті

2024 жылдың 23 қазанында шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы Корея Республикасы білім беру орталығының қолдауымен 1-3 курс студенттер арасында кезекті «K-CULTURE DAY» шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары профессор Ли Бёнг Джо мырза және Қиыр Шығыс кафедрасы корей бөлімінің эдвайзерлері болды. Іс-шараның мақсаты – студенттерді Корея мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар корейтануға деген қызығушылықтарын арттырып, студенттер арасында бірлік пен достық көңіл-күйін қалыптастыру.
Бағдарламада көңілді музыкалық қойылымдар, соның ішінде K-POP әндері мен билері, Корея тақырыбындағы интерактивті ойындар мен викториналар болды. Студенттердің ән айту және билеу шеберлігі, сонымен қатар викторина сұрақтарына берген белсенді жауаптары барлық қатысушылар мен қонақтарды таңғалдырды.
Іс-шара көңілді және танымдық атмосферада өтіп, студенттер үшін тек Корея туралы білімдерін арттыруға ғана емес, сонымен қатар корейтану саласында одан әрі білім алуға қажетті маңызды ақпаратпен алмасуға тамаша мүмкіндік болды.
Басқа жаңалықтар

