- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ аясында Республика күніне арналған кураторлық сағат өтті
Қытайтану кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ аясында Республика күніне арналған кураторлық сағат өтті
2024 жылдың 24 қазан күні қытайтану кафедрасының эдвайзері Бисенбаева Әсел 4 курс студенттерімен бірге Республика күніне орай «Қазақстан және Қытай елдерінің Республика күнін атап өту ерекшелігі» атты кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында Қытай және Қазақстандық студенттер өз елдерінің Республика күнін атап өтудің ерекшеліктерін көрсете отырып, әртүрлі бейнебаяндар мен суреттерін ұсынды.
Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады. Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтудеміз.
Қытайлар Республика күнін 1 қазанда тойлайды. бұл күн ең басты мереке болып саналады. 1949 жылы дәл осы күні халықаралық аренада қытайлардың атынан сөйлейтін бір ғана заңды өкіл болуы керек деген шешім қабылданып, сол шешімнің негізінде Қытай Халық Республикасы жарияланған болатын. Елдің Қытай Халық Республикасы болып құрылуын халықаралық қоғамдастық толығымен мақұлдады.
Бұл іс-шарада студенттер екі елдің мемлекеттері туралы молынан ақпарат алып, бір-біріне қызықты сұрақтар қойып, ең соңында естелік ретінде суретке түсті.
Басқа жаңалықтар

