Жаңа Қазақстанға болашақ түркітанушылардың үлесі

2024 жылдың 23 қазанында Түркітану мамандығының 2 курс білім алушыларының қатысумен студенттер үйінде маңызды кездесу өткізді. Жастар еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді талқылап, "Жаңа Қазақстанға өз үлесімді қалай қосамын?" тақырыбы аясында пікір алмасты. Шараны эдвайзер Дәулет Айгүлдің жетекшілігімен ұйымдастырған студенттер қоғамдағы маңызды мәселелерге өз көзқарастарын білдіріп, болашаққа сенімді қадам басатындарын көрсетті.
Дөңгелек үстел барысында студенттер бірнеше маңызды тақырыптарды қозғады. Әсіресе, білім мен қоршаған орта, айнала сауаттылығы жайлы талқылаулардың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазіргі заманның ең басты ресурсы – білім екені тағы да дәлелденді. Болашақ түркітанушылар мамандық бойынша оқу барысында алған білімдерін тереңдетіп, болашақта ғылыми зерттеулер жазу арқылы өз салаларына үлес қосу керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар, жастар еліміздің дамуы мен өркендеуіне тек оқумен ғана емес, белсенді әрі сапалы жұмыс істеу арқылы да үлес қосуға болатындығын баса айтты. Әрбір жас азамат өзінің кәсіби және азаматтық жауапкершілігін сезініп, қоршаған ортаны қорғау, сауатты қоғам құру, ғылыми еңбек жазу сияқты салаларда табысты болуға ұмтылуы керек деп есептейді. «Жаңа Қазақстан – білімді, рухани бай, сауатты жастардың Қазақстаны. Біз, болашақ түркітанушылар, осы мақсатқа жету үшін оқып, еңбектеніп, еліміздің дамуына үлес қосамыз», – деп студенттер өз сөздерін қорытындылады.
Бұл дөңгелек үстел – жастардың еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарайтынын және жауапкершіліктерін сезінетінін дәлелдейтін маңызды шара болды. Жастардың еліміздің мәдениеті мен біліміне баға жетпес үлес қосатынына күмән жоқ.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы «Түркітану» мамандығының 2 курс кураторы Даулет А.У., студенттер.
Басқа жаңалықтар


