Наргүл Жаппарқызы Өмірбекованың 70 жылдық мерейтойы

Наргүл Жаппарқызы Өмірбекова Қазақстандағы өсімдіктер генетикасы мен селекциясы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалым. Ол молекулалық биология және генетика кафедрасында 30 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп келеді. Оның жетекшілігімен өсімдіктер генетикасының жаңа бағыттары қалыптасып, еліміздегі ғылыми зерттеулерге зор ықпал жасалды.
Ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары халықаралық деңгейде кеңінен танылып, оның нәтижелері көптеген халықаралық конференциялар мен конгрестерде баяндалды. Наргүл Жаппарқызының терең білімі мен тәжірибесі арқасында ол еліміздің жетекші ғалымдары қатарында орын алады. Профессор Өмірбекованың ғылыми-педагогикалық қызметі жоғары бағаланып, ол 2016 жылы «ҚР Үздік оқытушысы» атағын иеленді. Сонымен қатар, оның еңбегі «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Әл-Фараби» күміс медалі, және Қазақстан Республикасы ылым және Жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Наргүл Жаппарқызы Омірбекова тек ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар өз әріптестері мен шәкірттері арасында да зор құрметке ие. Оның адамгершілігі, жоғары кәсіби біліктілігі және табандылығы ұжым мүшелері арасында үлкен құрмет тудырып, оған ерекше мәртебе береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы профессор Наргүл Жаппарқызы Омірбекованың мерейтойын құттықтай отырып, оған мықты денсаулық, шығармашылық табыс және отбасына амандық тілейді. Оның болашақтағы еңбектері мен ғылыми жетістіктері еліміздің ғылымына қосқан үлкен үлес болып қала бермек.
Басқа жаңалықтар

