Республика күні – ұлттық мереке!

2024 жылғы 22 қазанда Молекулалық биология және генетика кафедрасында PhD, доцент м.а. Ловинская А.В. жетекшілігімен «6В05105 - Генетика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен Республика күніне арналған ашық кураторлық сағат өтті. 25 қазан күні атап өтілетін Қазақстан Республикасының күні – бұл елдің тәуелсіздігі мен егемендігін білдіретін маңызды мемлекеттік мереке, ұлттық мәртебеге ие.
Кураторлық сағат барысында студенттермен Қазақстанның ел ішіндегі және әлемдегі жетістіктері талқыланды. Студенттер әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында елімізді танытып жүрген спортшыларды, әлемге танымал ғалымдарды, музыканттар мен әртістерді атап өтті. Студенттер өз елін мақтан тұтатынын және елдің болашақта гүлденуіне өз үлестерін қосуға тырысатындарын айтты.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

