«25 – қазан Республика күні»Farabi University

51

«25 – қазан Республика күні»

21 қазан, 2024

2024 жылғы 21 қазан сағат 12:00 – де 412 ауд. БТ 22-01 және БТ 22-02 топ студенттерімен «25 – қазан Республика күніне» орай ашық сабақ өткізілді. Іс – шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының мерекелері туралы мәлімет беру, Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, отанщылдық құрмет құндылығын арттыру.

 

БТ 22-01 және БТ 22-02 топ студенттері іс – шараның тақырыбына презентация дайындап, Республика күнін ұлттық мереке деп танып, ұлттық нақышта киініп келген. Іс – шара басталмас бұрын ең бірінші патриоттық сезімдерді оятатын елдің тарихы мен әдет ғұрыптарынан құрылған ұлттық әніміз – гимн айтылды. Іс – шара куратор – эдвайзер Кенжегүл Болатхан әдемі жүрек жарды лебізімен бастау алды. Одан кейін, Республика күнінің тарихы, маңызы және өзектілігі жайлы дайындаған презентацияларын қорғай отырып, студенттер өзара пікір алмасты. Ұлттық мереке туралы көптеген тың деректермен бөлісті. Ендігі кезекте Ерланұлы Мұхамеджан мен Даулетқан Іңкәр өздерінің құттықтауларын білдірді. Мұхамеджан: «Бұл күн  - ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркендей берсін. Егемендігіміз мәңгі жасасын!»

Іңкәр: «Халқымызда Егемен болмай, ел болмас деген терең мағыналы сөз бар. Егемендік декларациясын алу ата – бабамыздың жан – жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Республика күні мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын. Тұғыры биік тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын!».

Осылайша іс – шара соңында студенттерге өмірлері тәтті болсын деген ниетпен тәтті үлестірілді. Тағылымы мол, рухани тәрбие мақсатында өткізілген іс – шара өз мәресіне жетті.