«Жайнай бер, жасай бер, Республикам менің!» кураторлық сағатыFarabi University

51

«Жайнай бер, жасай бер, Республикам менің!» кураторлық сағаты

17 қазан, 2024

2024 жылғы 17 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне орай биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында куратор-эдвайзері Рысқали Т.Б. Биология  мамандығының 1 курс қазақ оқу тобымен «Жайнай бер, жасай бер, Республикам менің!» тақырыбында кураторлық сағат өтілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты – патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, құрметке тәрбиелеу.

Жалпы біздің әрқайсымыз елімізді сүйіп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Отанымыздың тарихын, мәдениетін білу, оны құрметтеу – біздің борышымыз.

Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болуын тілейміз.

Студенттер өздерінің кураторының жетекшілігімен бұл іс-шараға үлкен қызығушылықпен және ынтамен белсене қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен дамуы, сондай-ақ елімізде Республика күнін тойлаудың бастауы туралы ақпарат берілді.