- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Шэньчжэнь университетінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Шэньчжэнь университетінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері

Биылғы күзгі семестрде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 14 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шэньчжэнь университетінің Медицина мектебіне оқуға аттанды. Оның ішінде 8 студент «Биологиялық инженерия» тобынан және 6 студент «Биотехнология НЗМ» тобынан.
Университеттің зертханалары заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті реагенттермен жабдықталған, бұл студенттерге нақты тәжірибеге жақын жағдайларда өз дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.
«Біздің мақсатымыз – биология және биотехнология саласындағы халықаралық тәжірибе жинақтау, практикалық дағдыларды тереңдету және білімді кеңейту. Шэньчжэнь университетіндегі оқу процесі әсерлі: бізді жылы қарсы алып, бірден оқуымызға кірісіп кеттік. Университет халықаралық студенттерге арналған көптеген іс-шараларды, соның ішінде тәжірибе мен идеялармен алмасуға болатын ғылыми конференцияларды ұйымдастырады.
Шэньчжэнь - әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан қалалардың бірі және оның көрікті жерлері әсерлі. Біз кампустағы өмірден ләззат аламыз және осы таңғажайып қаланың мәдениеті мен дәстүрін белсенді түрде зерттейміз.
Бұл тәжірибе білім жолындағы маңызды кезеңге айналып, кәсіби дамуымыздың жаңа көкжиектерін ашатынына сенімдіміз», - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері.
Басқа жаңалықтар

