Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына және академик Жолмұқан Түрікпенұлының 90 жылдық мерей тойына арналған «Психология және педагогика ғылыми мектептер: ұрпақтар диалогы және сабақтастығы» атты халықаралық дөңгелек үстелFarabi University

51

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына және академик Жолмұқан Түрікпенұлының 90 жылдық мерей тойына арналған «Психология және педагогика ғылыми мектептер: ұрпақтар диалогы және сабақтастығы» атты халықаралық дөңгелек үстел

25 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 25 қыркүйегінде университеттің ылыми кітапханасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына және академик Жолмұқан Түрікпенұлының 90 жылдық мерей тойына арналған «Психология және педагогиканың ғылыми мектептер: ұрпақтар диалогы және сабақтастығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мерей той иесі 40 жылдан астам қызмет еткен ҚазҰУ мен ҚазҰПУ ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, экономика ғылымдарының докторы Жамиля Нұғматовна Айтжанова (ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор) және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың PhD докторы Сұлтан Ертай (ылыми және инновациялар жөніндегі проректор) ашты. Олар ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев пен ҚазҰПУ ректоры Болат Анапияұлы Тілептің құттықтау сөздерін оқып, мерей той иесіне естелік сыйлықтар табыс етті.

Құттықтаулар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Басқару институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор З. Ғайыповтан, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Есімнен келді. Ж. Түркпенұлы директор болып қызмет еткен Алматы кино техникумының ұжымы өз құттықтауларын жолдады.

Философия және саясаттану факультеті атынан 6 кафедра, оның ішінде жалпы және қолданбалы психология, педагогика және білім беруді басқару кафедралары атынан құттықтау сөз сөйлеген факультет деканы Б.Б. Мейірбаев, одан кейін отырысқа модераторлық етті.

Дөңгелек үстел аясында ғалым академик Ж.Т. Түрікпенұлы туралы - проф. А. Мауленов «Ұлағатты ұстаз. Ж.Түркпенұлы» және жалпы және қолданбалы психология кафедрасы дайындаған «Жолмұхан Түрікпенұлы» атты мерейтойлық екі КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ өтті.

 

Ғалымның қосқан үлесі туралы филол.ғ.д,, профессоры, Ә.Мәуленов; психол.ғ.д., Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті психология кафедрасының профессоры Б.А. Әмірова және жалпы және психология кафедрасының профессоры, психол.ғ.д. А.М. Ким баяндама жасады.

Н. Обозов пен Р. Ламбер мұрасының дамуы туралы фин ғалымдары А.С. Белолы және Н.А. Белолы (Хельсенки, Финляндия); университет тарихының 90 жылдығына орай ҚазҰУ-дың ғылыми мектептері туралы доцент, психол.ғ.к. Ж.Сейітнұр мен профессор А.К. Мынбаева; психология дамуындағы бірегейлік жайлы психол.ғ.д., профессор Н.В. Хазратова (Ольштын, Польша); дарындылық мемлекеттік саясат ретінде – психол.ғ.д.,, профессор Б.Р. Қадыров (Ташкент, Өзбекстан); клиникалық психологиядағы заманауи зерттеулер жайлы PhD, профессор А.И. Гарбер (Германия-Нидерланды) баяндады.

Келесі кезекте мерей той иесіне Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының меңгерушісі А.С. Мамбеталина және Жетісу университетінің кафедра меңгерушісі Х. Наубаев, Q-University құрмет көрсетіп, құттықтау сөздерді жеткізді. Қазақ психологиялық қоғамының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор М.А. Перленбетова жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар мерей той иесін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты А.Т. Бекботаев және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Т. Атақұлов құттықтады.

Дөңгелек үстелге ұстаз Ж.Түркпеновтың алғашқы түлектері де өздерінің ұстаздары мен тәлімгерлерін құттықтауға келгенін ерекше атап өтуге болады.

Қорытындылай келе, мерей той иесі Жолмұхан Түрікпенұлы сөз сөйлеп, дөңгелек үстелге келген баршаға алғысын білдіріп, жоғары оқу орындарына береке тіледі.

Іс-шара ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» жүзеге асырады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға: кафедра меңгерушісінің орынбасары З.М. Садвакасова, проф. М.П. Кабакова, проф. О.Х. Аймаганбетова, доцент Н.С. Жубаназарова, доц. Ш.Н. Закарьянова, PhD Э.Т. Адилова, Ж.Молбасынова, А.О. Дуйсенбаева, А.Габдрахман жән т.б. (ҚазҰУ), проф. А.Н. Кошербаева (ҚазҰПУ) қатысты.

Дөңгелек үстелдің YouTube-те трансляциясы  https://www.youtube.com/live/N-ucKUS6e_c?si=D6reaarLmOPMsyjw