Жас ғалымдар кеңесінің 1 -курс докторанттарымен кездесуFarabi University

51

Жас ғалымдар кеңесінің 1 -курс докторанттарымен кездесу

24 қыркүйек, 2024

16 қыркүйек 2024 жылы сағат 14.00-де  Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен Шығыстану факультетінің 1 курс PhD докторанттарымен «ылыми қызметтегі уақытты жоспарлау және басқару» тақырыбындағы шолу дәрісі өтті. Бұл шара, 1-курс PhD докторанттарға ғылыми қызметтерінің тиімділігін арттыру, уақытты дұрыс жоспарлау және басқару мәселелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Шараның мақсаты - ғылыми қызметтегі уақытты тиімді басқаруға бағытталған білім мен дағдыларды дамыту, 1-курс PhD докторантттарға докторантура бағдарламасы бойынша жалпы мағлұмат беру,  Жас ғалымдар кеңесімен таныстыру.

Дәріс барысында Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері өз тәжірибелерінен өткен мәліметтерімен бөлісіп, практикалық кеңестер мен әдістемелік тәсілдер ұсынды. Сондай-ақ, қатысушыларға уақытты тиімді басқарудың пайдалы құралдары мен техникасы туралы ақпарат берілді.

Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Н.Н Кайранбаева