
2024 жылдың 16 қыркүйегінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасының «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Түркітану» мамандықтарының бірінші курс магистранттарымен «Президент Жолдауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауының негізгі бағыттарын магистранттарға түсіндіру және оның еліміздің даму жолындағы маңызын талқылау болды. Іс-шара барысында Президенттің Жолдауындағы басты бағыттар: экономикалық реформалар, әлеуметтік әділеттілікті күшейту, цифрлық технологияларды ілгерілету және білім беру жүйесі бойынша стратегиялық ұсыныстар қарастырылды. Жолдаудың негізгі бағыттары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылып, магистранттар өз ойларымен бөлісіп, Жолдаудың қоғам мен елдің болашағына әсері жөнінде пікір алмасты. Бұл іс-шара магистранттарға Президент Жолдауының мазмұнын тереңірек түсінуге және еліміздің дамуына қатысты өз көзқарастарын білдіруге жақсы мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Марина Жамбылқызы және 1 курс магистранттары.
Басқа жаңалықтар


