Жапонтану бөлімінің 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті
5 қыркүйек, 2024
.jpeg)
Бүгін 05.09.2024ж. куратор-эдвайзер Г.Б.Тазабекованың жетекшілігімен Қиыр Шығыс кафедрасында жапонтану бөлімінің 1-курс студенттеріне Қазақстан халқының тілдері күніне арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат дөңгелек үстел форматында өтті: студенттер жекелеген топтарға бөлініп, республика халқының тілдері мен мәдениеттерінің ерекшеліктері және Қазақстандағы этникалық толеранттылыққа негізделген достық пен бірліктің маңыздылығы жөнінде белсенді пікір алмасты. Шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар

5 мамыр, 2025

5 мамыр, 2025