51 Business School серіктестігі кеңеюдеFarabi University

51

51 Business School серіктестігі кеңеюде

15 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Аl-Farabi Business School өкілдері Испания мен Португалияның жоғары оқу орындарына барды. Іскерлік сапардың мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және Еуропаның жетекші оқу орындарымен жаңа серіктестік байланыстар орнату.

51 Business School делегациясы GBSB-Global Business School басшылығымен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Бұл бизнес-мектеп халықаралық деңгейде танылған және ACBSP, MFHEA, ASIC және CBA, BSB Global ұйымдарымен аккредиттелген.

Іссапар аясында мамандар ҚазҰУ магистранттарына арналған тағылымдама бағдарламасымен танысты. Бизнес-мектептің ресми өкілдерімен кездесулер оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ 51 Business School және Porto Business School ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Porto Business School QS 2024 Europe Ranking рейтингінде 108-орында және 2011 жылдан бері Financial Times рейтингінде халықаралық қатысуымен және тұрақты қатысуымен, сондай-ақ кәсіпкерліктегі жетістіктері үшін AMBA сыйлығымен танымал. Сапар барысында теориялық оқытуды да, Португалияның жетекші компанияларымен практикалық өзара іс-қимылды да қамтитын қазақстандық магистранттар мен докторанттар үшін арнайы тағылымдама бағдарламасы талқыланып, құрылды.

Сондай-ақ ҚазҰУ Бизнес-мектебінің делегациясы Испанияның жетекші автономды университеттерінің бірі – Мадрид автономиялық университетінде де кездесу өткізді. Тараптар өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойып, университеттер арасындағы қосдипломдық бағдарламаның іске асырылу барысын саралады.

51 Business School магистранттары биылғы күз айында Мадрид автономды университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуді жоспарлап отыр. Бұл іссапар ҚазҰУ Бизнес-мектебінің халықаралық байланыстарын дамытуға және әлемдік білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтуға жаңа жол ашады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі