- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
26 мамыр, 2024

- Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурдағы «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» тақырыбындағы дәрісін тыңдады.
- ҚазҰУ ректоры Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен өткен Қазақстан-Сингапур ректорларының «ылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты.
- Жансейіт Қансейітұлы Сингапурға жұмыс сапары аясында QS Quacquarelli Symonds стратегиялық серіктестік және өзара іс-қимыл жөніндегі бас директоры Моника Хорнунг Каттанмен келіссөз жүргізді.
- Оқу ордасының басшысы Сингапур ұлттық университетінің президенті Тан Энг Чимен кездесіп, жоғары білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын қарастырып, студенттер алмасу және тағы да басқа мәселелер бойынша пікір алмасты.
- Жансейіт Түймебаев Әзірбайжанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Түркі университеттері одағының VІІ бас ассамблея отырысына қатысты.
- Ректор Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары барысында Хазар университетіне барып, білім ордасының негізін қалаушы Гамлет Исаханлымен кездесу өткізді.
- Жансейіт Қансейітұлы Баку мемлекеттік университетінің ректоры Элчин Бабаевпен жүздесті. Тараптар қосдипломдық білім беру бағдарламасын енгізу және академиялық ұтқырлық бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Басқа жаңалықтар

8 мамыр, 2025