- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіне халықаралық білім беру технологиялары саласындағы Пекин компаниясының Beijing PHIHUA Co.LTD президенті Мэй Якунмен кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіне халықаралық білім беру технологиялары саласындағы Пекин компаниясының Beijing PHIHUA Co.LTD президенті Мэй Якунмен кездесу өтті

2024 жылғы 14 мамырда халықаралық білім беру технологиялары саласындағы Бейжің компаниясының Beijing PHIHUA Co.LTD президенті Мэй Якунмен мырзамен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде кездесу өтті.
Кездесу барысында компания президенті ынтымақтастыққа дайын екенін айтып, өзара тиімді серіктестіктің маңыздылығына тоқталды. Ортақ мақсаттарға жету үшін тәжірибе, ресурстар және ақпарат алмасуды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім жасалу туралы талқыланды.
Мей Якун мырза Қазақстандық студенттерді Қытайдағы тағылымдамадан өтуге қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл Қазақстандық жас мамандар үшін халықаралық тәжірибемен танысып, шетелде білімі мен дағдыларын кеңейтуге тамаша мүмкіндік. Мей Якун мырза Қазақстандық студенттердің Қытайда тағылымдамадан өтуі олар үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.
Басқа жаңалықтар

