ТДМ 1. КЕДЕЙШІЛІКТІ ЖОЮ. Қол ұшын беру – біздің парызымызFarabi University

51

ТДМ 1. КЕДЕЙШІЛІКТІ ЖОЮ. Қол ұшын беру – біздің парызымыз

20 сәуір, 2024

Еліміздің тұрақты дамуы және кедейшілікті жою үшін әрбір Қазақстан азаматы бір-біріне қолдау көрсетіп, әсіресе табиғи апаттар кезінде, қиын сәттерде, ынтымақ пен бірлікте болуы қажет. Жақында бірқатар аймақтарды қамтыған су тасқынына байланысты Президенттің Жарлығымен төтенше жағдай жарияланды. Біз, бір мемлекеттің азаматтары ретінде, осы ауыр жағдайдан зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетуге және көмек беруге тырысамыз.

Біздің факультетте апатқа ұшыраған аймақтардан келген көптеген студенттер оқиды, олардың ата-аналары да қиын жағдайда қалған балалары үшін алаңдаушылық танытуда. Осы студенттерге қолдау көрсету мақсатында 2024 жылдың 20 сәуірінде Ақпараттық технологиялар факультетінің декандары У.А. Түкеев, Б.А. Урмашев және О.Н. Тұрар компьютерлік ғылымдар кафедрасымен бірге арнайы тағам үлестіру шарасын ұйымдастырды. №8 Студенттер үйінде тұратын барлық студенттерге ыстық әрі қамқорлықпен дайындалған ас беріліп, оларды қолдау үшін тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол сияқты спорттық жарыстар өткізілді.