Физика пәні бойынша Республикалық олимпиада жне шахматтан турнир өткізіледі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика жне техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 30 қазан күні жылуфизика жне техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбеков атындағы жыл сайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада жне шахматтан турнир өткізіледі. Олимпиадаға ЖОО-ның 1-курс студенттері мен 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 28 қазанына дейін жүргізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін төмендегі анкетаны толтыру қажет. Толтырылған анкетаны мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы №71, физика-техникалық факультеті жылуфизика жне техникалық физика кафедрасы 317 жне 403 (Манатбаев Р.Қ.) бөлмелер немесе Rustem.Manatbayev@kaznu.kz электронды почтаға жіберулеріңізге болады.
Олимпиадаға қатысушы өзімен бірге міндетті түрде студенттік билетін немесе анықтамаларын алып келуі керек. Жүлделі орын алғандарға ақшалай жне бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Байланыс телефондары: +77053003110, +7(727)377-34-08.
Қатысушы туралы жалпы мәлімет:
А.Т.Ә.
ЖОО аты________________________________
Мамандығы
Курсы
Ұйымдастырушы:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика жне техникалық физика кафедрасы
Төрайым: Асқарова Ә.С.
Төрайымның орынбасарлары: Бөлегенова С.Ә., Манатбаев Р.Қ., Шортанбаева Ж.Қ.
Ұйымдастыру комитеті: Айтқожаев А.З., Төлеуов Ғ.Қ., Данлыбаева А.К.,Исатаев М.С., Бөлегенова С.Ә., Бекмұхамет А, Максутханова А.М.
Басқа жаңалықтар

