Психологиялық ғылым терминдерін қалыптастырушы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 90 жылдығы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, академик Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасын зерттеуге арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Қазақстанның ғылым және білім беру жүйесі: даму жолдары мен перспективалары» тақырыбында өткен конференция аясында Т.Тәжібаевтың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның өмірі мен қызметі туралы фильм көрсетілді.
«Төлеген Тәжібаев 1947 жылдан 1953 жылға дейін С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды (қазіргі ҚазҰУ). ылыми жұмыс пен мемлекеттік қызметті ұштастырып, елдің дамуына зор үлес қосты. Педагогика, психология саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, ізбасар шәкірттер тәрбиеледі. Қазақ тіліндегі психологиялық ғылым терминдерінің қалыптасуына елеулі үлес қосып, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев.
ылыми басқосуда Үндістанның Қазақстандағы елшісі Свапнил Шарад Котхаваде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының директоры Зулфухар Гаипов және т.б. сөз сөйледі.
Конференция барысында көрнекті ғалым, ҚазҰУ ардагері Жолмұхан Түрікпенұлы мен ҚазҰУ профессоры Алмасбек Мәуленовтің академик Төлеген Тәжібаев туралы жазған «Заңғар тұлға» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Гүл Құттыбекқызы
Басқа жаңалықтар

