Кәсіби маманданудағы негізгі факторFarabi University

51

Кәсіби маманданудағы негізгі фактор

13 наурыз, 2024

Білім беру үрдісіндегі бағалау критерийі мен бағалау әдісі оқытудың  күткен, болжалды нәтижелеріне сәйкес әрі өзара байланыста болуы қажет. Бағалау критерийі –  білім алушының білім деңгейін анықтауда қолданылатын негізгі көрсеткіш. Бұл критерий білім беру нәтижелерін бағалайтын  әдістердің көмегі арқылы орындалады. 

Соңғы жылдары оқу үрдісінде оқыту нәтижелеріне қол жет­кі­зуді растайтын бағалау әдіс­те­рінің онлайн формалары өте кең қол­да­ныста. Атап айтқанда: қа­зіргі таң­да факультетімізде қол­да­ны­латын мұндай формаларға Moodle ҚОЖ платформасында өткізі­ле­тін кейс-тапсырма, эссе, шы­ғар­машылық тапсырма, тес­тілеу, аралас емтихан (онлайн/оф­лайн), портфолио жатады. Оқы­тудың күткен нәтижелеріне қа­рай таңдалған бағалау фор­ма­сына сәйкес, білім алушыға тап­сырманы цифрлық техно­ло­гияның кө­мегімен нақтылауға, оны ары қарай онлайн қорғауға мүмкіндік береді. Бұл білім алу­шының білім деңгейін айшықтай түседі. Атап айтқанда: бака­лав­риат, магистратура және докто­ран­тура деңгейіндегі білім алу­шыға кәсіби бағдарламаларға сәйкес, болашақ маман ретінде нақты тұжырымдама жасауды және негіздеуді үйретеді.

Назым СМАҒҰЛОВА,

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті, х.ғ.к.