ҚазҰУ студенті Мажарстанда ғылыми тағылымдамадан өттіFarabi University

51

ҚазҰУ студенті Мажарстанда ғылыми тағылымдамадан өтті

28 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 3-курс студенті ҚР ылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы бойынша Мажарстанда ғылыми тағылымдамадан өтті.

Hungarian University of Agriculture and Life Sciences – Будапешт қаласында орналасқан Мажарстанның жетекші технологиялық университеттерінің бірі.

ылыми тағылымдама өсімдік генетикасы, өсімдік биотехнологиясы, органикалық егіншілік, өсімдік патологиясы және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты пәндерді қамтитын оқу бағдарламасы бойынша өтті.

Университет сонымен қатар микросателлиттерді анықтау үшін полимеразды тізбекті реакция (ПТР), агарозды гельдегі ДНҚ электрофорезі, Blast туралау, градиентті ПТР және капиллярлық электрофорез (электрофореграмма) нәтижелерін талдауды қоса алғанда, әртүрлі әдістерді оқытуды ұйымдастырды. Бұл теориялық базаны кеңейтіп қана қоймай, болашақ кәсіби қызметте тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

«Еуропада білім жетілдіріп, ғылыммен айналысуға мүмкіндік берген ҚР ылым және жоғары білім министрлігіне және ҚазҰУ-ға зор алғысымды білдіремін. Алған білімім, жинақтаған тәжірибем менің алдағы академиялық және кәсіби қызметіме оң әсер ететіні сөзсіз», – деді Айдар Тутадзе.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі