ҚазҰУ студенттерді «Hackathon Digital Farabi 2024» байқауына шақырады

Құрметті студенттер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Hackathon Digital Farabi 2024» жарысына қатысуға шақырады!
&Բ;Байқау «Digital Farabi 2024» халықаралық цифрлық форумы аясында өтеді.
Өтетін орны:
23 ақпан 2024 ж., сағат: 09:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 3-қабат (эл. кітапханасы)
- IT саласы мамандарының кейстері, баяндама.
- Тапсырмалар бойынша топтық презентациялар. Нәтижелерді көрсету.
- Жеңімпаздарды естелік (бағалы) сыйлықтармен марапаттау.
Байланыстағы тұлға: Жанар Медетбек, +7 (727) 377-33-30, ішкі нөмір:1579., zhanara.medetbek@gmail.com
Тіркеу формасы:
Жарысты өткізу шарттары туралы толық ақпарат: Ереже
Біз сізді күтеміз!
«HACKATHON DIGITAL FARABI 2024» ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1-тақырып. «Интернеттен деректердің бұзылуын бақылау және ескерту жүйесін әзірлеу». MSSP Global IT-компаниясы (СІЛТЕМЕ).
2-тақырып. «IT-компаниясында ішкі бағалау (grading) жүйесін жақсарту». ONE technologies IT-компаниясы (СІЛТЕМЕ).
3-тақырып.&Բ;Қазақ тіліндегі мәтіндік деректерді өңдеуге арналған интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін әзірлеу, (СІЛТЕМЕ).
4-тақырып. «Терең нейрондық желілерді пайдалана отырып, стеганография әдістерінің классификация моделін жасау». Torus IT-компаниясы, (СІЛТЕМЕ).
5-тақырып. «Желілік деректерді талдау, жіктеу және бақылау әдісін әзірлеу». Torus IT-компаниясы, (СІЛТЕМЕ).
6-тақырып. «Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде киберэкстремизмді анықтау үшін модельдер әзірлеу». Torus IT-компаниясы, (СІЛТЕМЕ).
7-тақырып. «Жеңіл LBC шифрлау алгоритмі арқылы файлдарды шифрлауға арналған Android ОЖ негізіндегі мобильді қосымшаны әзірлеу». ҚР МҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы, (СІЛТЕМЕ).
Ақпараттық технологиялар факультеті
Басқа жаңалықтар

