- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
«Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

Тұрақты дамудың 4-жаһандық мақсаты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында 2024 жылдың 14 ақпан күні Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма қафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. ылыми-әдістемелік семинар аралас форматта өтті.
Іс-шараға Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Л.Ф.Деловарова, Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С.Сейдикенова, профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен студенттер қатысты. Іс-шараның қонақтары: Түркі&Բ;халықтары&Բ;мәдени қорының басшысы, профессор Ахмет Дағдұран, «Түркі әлемі» газетінің және Түркі&Բ;халықтары&Բ;мәдени қорының атқарушы директоры Дариға Жүніс, Түркі&Բ;халықтары&Բ;мәдени қорының өнер комитетінің төрайымы Майра Жақыпова, түрік жазушысы, аудармашы, PhD докторы Ашур Өздемир болды.
ылыми-әдістемелік семинар барысында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркия университеттерімен ортақ жобаларды жүзеге асыруда»; «Аударма және аударманың өзекті мәселелері»; «Көркем шығармаларды қазақ тілінен түрік тіліне аудару ерекшеліктері» атты баяндамалар тыңдалып, пікір алмасылды.
Басқа жаңалықтар

