
2023 жылы қарашаның 3-ші жұлдызында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Байелі Ә.Ж және 2-курс магистранттары Закирова Нилуфар, Байсариева Дана, Қалдыбек Асима мен Төлеуова Аяжанның ұйымдастыруымен 2-курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге "Денсаулық пен амандық" тақырыбында іс-шара өтілді.
Магистранттар денсаулықты сақтаудың маңызы жайлы студенттерге жалпы ақпарат берді. Оның ішінде физикалық денсаулық пен рухани денсаулыққа жеке-дара түсіндірмелер берілді. Сергіту мақсатында студенттермен тақырыпқа байланысты түрлі ойындар ойнатылып, олардан психологиялық тест алынды. Нәтижесінде денсаулық тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсті.
Басқа жаңалықтар

14 мамыр, 2025

14 мамыр, 2025