Орталық Азиядағы ең ірі IT- форум - Digital Bridge 2023

12-13 қазан Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі IT- форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The Right Balance. Форумға Жасанды интеллект және Big Data кафедрасынан ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Қарымсақова Нұргүл Тлетаевна қатысты.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин - жасанды интеллект заманауи қоғамда маңызды рөл атқаратынын, сондықтан Digital Bridge 2023 технология мен адам әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылайтын тамаша алаң." -деп осыған дейін атап өткендей, енді соның куәсі болғанын жеткізеді Нұргүл Тлетаевна.
Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Осы арқылы адамзатқа жасанды интеллект қызмет ететін болашақты бірлесіп құруға жол ашады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, форумда "Жасанды интеллект және қазақ тілінің" маңыздылығы туралы панелдік сессиясында өте жақсы талқыланғанын айта кетті кафедра меңгерушісі.
Басқа жаңалықтар

