Тұрақты даму мақсаттары №1 "Кедейлікті жою" аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы "Қайырымды жұма" атты жәрмеңке ұйымдастырды.Farabi University

51

Тұрақты даму мақсаттары №1 "Кедейлікті жою" аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы "Қайырымды жұма" атты жәрмеңке ұйымдастырды.

13 қазан, 2023

Тұрақты даму мақсаттары №1 Кедейлікті жою аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы 13.10.2023ж. сағат 12:00-14:00 арасында, Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 этажында "Қайырымды жұма" атты жәрменке ұйымдастырды. Жәрменкеден түскен қаражат, Құндыз ханымға көмек ретінде табысталды. Құндыз ханымның 5 баласы бар(2-еуі ерекше балалар), жалғызбасты ана, жалдамалы пәтерде тұрады. Тапқан табыс балалардың емінен артылмайды. Кафедра оқытушылары және студенттері болып осы қайырымдылық жәрменкесіне атсалысып өз үдестерін қосты. 
Жақсылық жасап жарысайық!
Ұйымдастырушылар және қосымша ақпарат үшін: каф. меңгерушісінің орынбасары - Сарсембаева Т.С., аға куратор-эдвайзер Базарбек Ж.П.