
03.10.2023 жылы Тақырыбы: “Жастар болашағы-электромобиль” 7-мақсат: Баршаға қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергияға әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 204,114 топ студенттері мен іс-шара ұйымдастырушылар Тоо “Future by Electro” электромобиль презентациясын тамашаладық! Қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі экология,энергия! Сол себепті, қоршаған ортаға кішігірім болса да, үлесімізді қосып топ болып электрмобильдердің үнемдігін, пайдасын байқадық.
Электр көліктерінің қарапайым бензинмен қозғалатын автомобильдерден бірқатар артықшылықтары бар.
Нақтылап өтсек:
экологияны ластамайды;
– бензинге қарағанда электр қуаты әлдеқайда арзан;
– мұнай нарығына тәуелді емес;
– олардың қозғалыс барысында дыбысы шықпайды;
– салық төлеудегі жеңілдіктер;
Қоршаған ортаны бірге сақтайық!!
Ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Басқа жаңалықтар

