
Зиялы көтерер жүк салмақты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мми бастаған бір топ депутат л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды.
Жүздесу аясында Парламент жоғарғы палатасының спикері Қ.Мми жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттерімен және түлектерімен кездесті. Шараға сенаторлар Александр Судьин, Ақан Бижанов, Жұмабек Төрегелдинов және т.б. қатысты. Жиналғандар алдында сөз алған Қ.Мми Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында белгіленген басымдықтар тұрғысында экономиканы және леуметтік саланы жаңғыртудың негізгі мәселелеріне тоқталды. Төраға Парламентте қарауға жоспарланып отырған жаңа заң жобаларының мәнін түсіндіріп берді. Бұл ретте Президенттің Жолдауынан туындайтын ғылым, білім беру және жастар саясатын ілгерілету міндеттеріне назар аударылды. Отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін ауқымды жұмыстарды мақсатты түрде тұрақты жүргізіп отыру қажеттігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері қауымдастығы президиумының президенті ретінде Қ.Мми қауымдастық мүшелерімен бірге осы бірлестік қызметінің өзекті мәселелерін талқылады. Шара барысында университеттің өміріне белсенді араласқаны және қаржылай қолдау көрсеткені үшін л-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері қауымдастығы президентінің Алғыс хатымен Халықаралық бизнес университетінің ректоры Кенжеғали Сағадиев, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика
институты директорының орынбасары Насурлла Бөртебаев, «Экомед» емханасының жетекшісі Салтанат Байқошқарова, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, Алматы технологиялық университетініңректоры Құралбек Құлажанов және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ермек Аманшаев марапатталды.
Сонымен қатар жиын барысында «Астана Групп» холдингінің президенті Нұрлан Смағұлов және «Самрұқ-Энерго»АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев президиумның жаңа мүшелігіне қабылданды.
Нұрлан ҚҰМАР
Басқа жаңалықтар


