«Әл-Фараби атындағы ылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созыладыFarabi University

51

«Әл-Фараби атындағы ылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созылады

20 наурыз, 2013

Құрметті әріптестер, қымбатты достар және барлық ықлас білдірушілер!

«Әл-Фараби атындағы ылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созылады.

Біз мұғалімдерді, университет қызметкерлерін және барлық ықлас білдірушілерді осы әрекетке белсенді үлес қосуына шақырамыз.

Егерде Сізде өзіңіз оқып болған кітабыңыз болса, ылыми кітапхана оны қуана қабыл алады. Сіздің кітабыңыз міндетті түрде өз оқырманын табады.

Сіз қатысады деп үміттенеміз!

Кітаптарды мына мекен жай бойынша әкелуге болады:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ылыми кітапхана, әл-Фараби даңғылы 71. ылыми кітапхананың жаңа корпусы, 1 қабат, кіру абонементтер жақтан, кітаптарды жинақтау, библиографиялық өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі. Қабылдау тел.: 2925717(2192), 3936048.

Әрекеттің соңында қорытынды шығарылып, белсенді қатысушыларға төмендегідей:

  • Өте белсенді факультет;
  • Өте белсенді кафедра;
  • Өте белсенді қызметкер;
  • Өте белсенді серік атағы беріліп, бағалы сыйлықтар тарту етіледі.