ылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыруға арналған байқау жарияланды Farabi University

51

ылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыруға арналған байқау жарияланды

30 қараша, 2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ылым комитеті 2013-2015 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға байқау өткізіледі.
Өтініштерге қойылатын талаптар ҚР БҒМ ылым комитетінің сайтында орналасқан конкурстық құжаттамада көрсетілген. Өтініштер 2012 жылғы 29 желтоқсан 18-00 сағатға дейін 010000 Астана қаласы, Иманов көшесі, 13, 710 каб. мекен-жайында қабылданады.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтініштер даярлау бойынша сұрақтарға жауапты Ұлтық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы байланыс телефондары арқылы алуға болады: +7 (7172) 57-91-49, 57-91-53.


Байқау келесі бағыттар бойынша өтеді:

1.Энергетика

  • Жылу- және электрэнергетикасы (Қазақстанның қолданыстағы жылу электрстанцияларының тиімділігін арттыру;
  • Ядролық және сутек энергетикасы;
  • Жаңартылмалы энергетика көздері (жел- және гидроэнергетика, биоотын және фотоэлектр);
  • Қоршаған ортаға энергетикалық сектордың әсері.

2.Шикізат және өнімді терең қайта өңдеу

  • Пайдалы қазбаларды әзірлеу технологиясы;
  • Табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу технологиясы;
  • Жаңа материалдар алу технологиясы;
  • Өнімді қайта өңдеу технологиясы.

3.Ақпараттық және телекомминикациялық технологиялар

  • Ақпараттық технологиялар;
  • Бағдарламалық-техникалық кешендер мен жүйелер;
  • Интеллектуалдық жүйелер мен технологиялар;
  • Геоақпараттық жүйелер мен технологиялар;
  • Телекоммуникациялық жүйелер мен технологиялар.

4.Өмір туралы ғылым

  • Заманауи биомедицинаның ғылыми негіздері;
  • Тірі жүйелердің молекулярлық, биохимиялық және жасуша негіздері;
  • Ауыл шаруашылығына және медицинаға арналған жаңа биотехнологиялар;
  • Жаңа биопрепараттар.

5. Елдің интелектуалдық әлеуеті

  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулер;
  • Қоғамдық-саяси және экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер;
  • Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер.