Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған

л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Мүбаракұлы Әбділдиннің атындағы дріс залының ашылу салтанаты болды. Салтанатты іс-шараға л-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, университет ұжымы, барлық факультеттерден оқытушылар, Мейірхан Мүбаракұлы туылған Павлодар облысының кім орынбасары жне көптеген қонақтар жиналды. Мейірхан Мүбракұлының барельефі мен стендісінің лентасын жұбайы Райхан Закиқызы мен ағасы академик Жабайхан Мүбракұлы кесті.
Сонымен қатар, 12 стипендия физика-техникалық факультетінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттарына тағайындалды.
Аяулы ұстаз, йгілі ғалым, Қазақстан Ұлттық ылым акедемиясының академигі 1938 жылы 16 наурызында Алтай өлкесі Троицк ауданы Загайнова селосында дүниеге келген Мейірхан Мүбаракұлы Әбділдиннің арамыздан алыстап, мңгілік дүниеге сапар шеккеніне 1 жыл болды.
Дарынды адам жан-жақты болатыны млім. Мейірхан Мүбракұлының бойынан осы қасиеттің барлығы табылатын еді, рі физик рі лирик, дана, ойшыл, кемеңгер ағамыз осындай кез-келген қиын-қыстау кезеңнен тура жол таба алатын адамның ақылы мен нұсқауына р адам тнті еді. Ойын тура жне тік жеткізе білетін, орнымен р адамды ширата жне шыңдай білетін.
Ұлағатты ұстаз, зерттеуге деген құлшынысымен жне де жастарға білім нрін сусындата білген Мейірхан Мүбаракұлы артына өшпес ғылым мұрасын қалдыра білді, гравитиция мен салыстырмалық теориясын Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы ұлы ғұлама ғалым өз ісін жалғастырушы көптеген шкірттер дайындады.
Мейірхан Мүбаракұлы - р саланың дарынды иесі, теориялық физика саласындағы үздік ғалым, ежелгі Шығыс пен Қазақстан тарихының эрудиті, көне жне заманауи ақындардың мұраларының білгірі, қоғамның ұйытқысы еді. Мейірхан Мүбаракұлы бойына қазақ интелегенциясының ең озық дстүрлерін жинаған азамат еді. Мақсаттылық, еңбекқорлық, ұшқырлық, қарым-қатынастағы жоғарғы мдениеттілік пен қарапайымдылық, таңқаларлықтай сыпайылық, сонымен қатар ділеттілік жне адамдарға деген қайырымдылық пен көрегенділік, орнымен зілдей білетін қасиеттер тн еді. Кейін аспирантураны Ленинградтан оқуға жолдама алады. Университетті дарын мен қажымас қайраттың арқасында үздік тамамдап, атақты оқу ордасына жол тартуы мен сол кездегі лемдік физика ғылымын тіреп тұрған оқымыстылардың бірі В.А.Фоктың өз жетекшілігіне алуы ркімді таңдандырмай қоймасы анық. Фоктың ұсыныс етуі де тегіннен тегін болған жоқ. Мейірхан өзінің теориялық физикадағы ғылымдық негіздерге сүйене отырып, айда магнит өрісінің болатыны туралы болжам айтты. Әрі оны академик В.Г.Фесенков жолдама беріп, «доклады АНСССР» деген журналға жіберді. Өкінішке қарай, Совет Одағы тұсындағы айға ұшырылған бақылау ракетасының айдың магнит өрісіне байланысты зерттеуі кері шешім шығарды. Алайда көп ұзамай американың айға жіберген зерттеу құралы М.М.Әбділдиннің болжамын растады. Міне осындай асқан білімділік пен көрегендік нтижелері «Орыстың математикалық зеңбірегі» атанған Фокты да ойландырып тастаған еді.
Ол онымен тоқтап қалмай, зерделеу мен талықпай ізденудің нтижесінде, бұл күнде Қазақстандағы теориялық физика саласында алдына жан салмайтын адамға айналды. Қоғам қайраткері ретінде де жұмыстар атқарды. ҚазҰУ-дың ректоры болды. 200-ден астам ғылыми мақалалар мен үш монографияның авторы атанды. «Эйнштейіннің гравитациялық теориясының механикасы» атты монографиясы ЖСТ-дағы қозғалыстың күрделі мселесіне арналған Қазақстандағы бірінші кітап.
Қазақтың баласына айналып, елінің игілігі үшін қыруар еңбектер жасап, шкірттер трбиелеген ғалымның аты мен артына қалдырған хатының ел есінде мңгі сақталатынына сенеміз.
Физика-техникалық факультеті,
теориялық жне ядролық физика кафедрасы
Басқа жаңалықтар


