Құрметті студенттер, магистранттар, жас мамандар!Farabi University

51

Құрметті студенттер, магистранттар, жас мамандар!

22 қазан, 2012

Егер сіз креативті болсаңыз, өз күшіңізді сынап, жаңа нәрсеге үйренгіңіз келсе, сізді өскелең ұрпақтың болашағы толғандыратын болса – сізді біздің байқауымызға қатысуға шақырамыз!

«Жастардың жетістіктері» Альтернативті білім беру Орталығы

ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Әлеуметтік – білім беру сферасындағы Ең жақсы жобаны ұсынуға байқау жариялайды

Байқаудың шарттары:

  1. Жоба аймақтың, облыстың немесе республиканың әлеуметтік және/немесе білім беру міндеттерін шешуге бағытталған болуы тиіс. Мақсаттық топ – балалар, жастар, халықтың әлеуметтік әлсіз табынан шыққан жастармен және балалармен жұмыс жасауға бағытталған жобалар қабылданады. Жобаның жүзеге асу ұзақтығы – 12 ай, қаржыландыру көлемі – 500000 теңгеге дейін.
  2. Өтінім беру мерзімі – 2012 ж. 15-қарашасына дейін. Жоба құжаттары халықаралық стандарттарға қатаң сәйкестікте жасалып, рәсімденуі тиіс. Жоба анық, әрі жинақы болуы керек. Максималды көлемі 5 бетке дейін.
  3. Жоба бір ғана адамның атынан немесе ұжым болып ұсынылуы мүмкін.
  4. Жобаларды білікті байқау комиссиясы бағалайтын болады. Ең жақсы деп танылған 3 жобаның авторлары өз жобаларын жүзеге асыруға қатысады, сонымен қатар жобалық менеджер вакансиясына жұмысқа шақырылады.

Өтінімдер мен байқау құжаттарын мына электронды мекен-жайға жіберу қажет:centre-dom@mail.ru

Анықтама тел.: +7-727-297-40-96, , +7-701-744-14-22 (Елена)

Мансап және бизнес орталығы