«ылым Қоры» гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялайдыFarabi University

51

«ылым Қоры» гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды

1 маусым, 2023

«ылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің ылым комитеті» ММ атынан 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрлігінің ылым комитеті» ММ  (), «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) ()  және «ылым Қоры» АҚ () сайттарында орналастырылған.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2023 жылғы 01 маусым.

Өтінімдерді қабылдау аяқтау мерзімі – 2023 жылғы 30 маусым.

Конкурстық өтінімдер Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы  сілтемесі бойынша өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2023 жылғы маусымның 1-нен бастап маусымның 30-ы аралығында +7(7172)76-85-78 (Сәкен Ә.), 26-63-59 (Сәдуақасов С.Е.), 76-85-76 (Омаров Қ.Қ.) телефондары бойынша (жұмыс күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақыты бойынша), сондай-ақ маусымның 2-нен бастап маусымның 29-ы аралығында онлайн конференциялар арқылы (сілтеме: Zoom конференциясының  идентификаторы: 870 285 8115, қосылу коды: 2023) жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алуға болады.