- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика ғылымдарының докторы Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызының оқу құралы жарық көрді.
Экономика ғылымдарының докторы Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызының оқу құралы жарық көрді.

2023 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУМенеджмент кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторыТұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызыныңоқуқұралыжарық көрді. «Ұйымдағы өзгерістерді бaсқaру» деп аталатыноқу құралыавтордың бұрын 2017 жылы жарияланған екінші толықтырылған және жаңартылған басылымы болып табылады.
«Қазақ университеті»баспасынан шыққан қазіргі басылымда ұйымдық өзгерістердің заманауи тұжырымдамаларының мазмұны,бaсқaрудың үлгілері, әдістері және құрaлдaры қaрaстырылғaн. Ұйымдастырушылық өзгерістердің келесідей өзекті мәселелері зерттелді: заманауи ұйымдағы өзгерістердің мәні мен топтастырылуы, ұйымның сыртқы ортасы мен өзгерістерді стратегиялық таңдау, ұйымдағы өзгерістерге қарсы тұру әдістері, өзін-өзі оқытушы ұйым концепциясы,ұйымдық өзгерістерді басқаруда көшбасшылықты қолдану, бизнес үдерістерді реструктуризациялау мен реинжинирингілеу, корпоративті мәдениеттегі өзгерістерді басқару және т.б.
«Ұйымдaғы өзгерістерді бaсқaру» оқу құрaлы басқару профиліндегі студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған.Оқу құралы соңында білімді тексеру үшін бақылау сұрақтары мен тестер, глоссарий, кейстік тапсырмалар және ұсынылатын жаппай онлайн курстар берілген.Оқу құралыың қағаз нұсқасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасынан табуға болады.
Басқа жаңалықтар
