Үндістан елшілігі жанындағы свами вивекананда мәдени орталығының директоры санджай веди мырзамен кездестіFarabi University

51

Үндістан елшілігі жанындағы свами вивекананда мәдени орталығының директоры санджай веди мырзамен кездесті

5 мамыр, 2023

    2023 жылдың 03 мамырында Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» негізінде жүзеге асырылатын мәдени іс-шаралардың «Мақсатқа жету жолындағы серіктестіктер» айдары аясында Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырзамен кездесті. Кездесу шарасының мақсаты – хинди тілін оқып жатқан студенттерді қолдау мақсатында Үндістанның Мәдени байланыстар кеңесі (ICCR) 2023 жылғы 20-29 мамыр аралығындағы «Хинди тілінің халықаралық студенттеріне арналған ICCR бағдарламасына» қатыстыру. Онлайн кездесу шарасының нәтижесінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 3 білімгері Үндістан үкіметінің демеушілігімен Үндістанға бару мүмкіндігі қарастырылып, «7М02217– Шығыстану және 7М03115 –Аймақтану» білім беру бағдарламаларының 1 курс магистранттары Урумова Тоғжан, Абилмажинова Заринаға және «6B02301 – Шетел филологиясы: шығыс тілдері» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Дюсенова Арайға екі ел арасында дамып келе жатқан мәдени серіктестікті көрсету жолында бірнеше тапсырмалар берілді. Мақсатқа жету жолында шетелдік серіктестеріміздің ықпалы мен қолдауы әрқашанда болашақ маман үшін керек.