«Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтeдіFarabi University

51

«Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтeді

30 қараша, 2022

24 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мәжіліс-залы (15-қабат) сағат 9.00-18.00 аралығында университет алғаш рет «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойынын өткізеді. Әлемнің сегіз елінің өкілдері қатысып, олар 47 елді таныстырады.


БҰҰ моделі – географиялық жағынан кең тараған ауқымды студенттік қозғалыс және әлемнің түкпір-түкпірінде жоғары оқу орындарының жүз мыңдаған студенттері мен жоғары сынып оқушылары қатысатын оқу бағдарламасы. Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгінгі таңда Австрия мен АҚШ-та екі ғаламдық студенттердің БҰҰ Моделін ұйымдастыра отырып, модальды қозғалысқа белсенді араласуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесе отырып, Алматы халықаралық БҰҰ Моделін Қазақстанның БҰҰ-ға қабылданғанына 20 жыл толуына орай алғаш рет өткізіп отыр.

Алматы халықаралық БҰҰ Моделі Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияда ең ірі және ең беделді алғашқы ғаламдық студенттердің жобасы болып табылады. Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенттері және Тәжікстаннан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ираннан, Пәкістаннан, Ауғанстаннан, Үндістаннан, Түрікменстаннан келген 15-тен астам шетелдік студент осы жылғы іс-шараға қатысады. БҰҰ-2012 Моделінің жұмыс бағдарламасына «БҰҰ: XXI ғасыр талаптарына жауап» тақырыбына арналған Бас Ассамблея мәжілісінің салтанатты ашылу рәсімі мен өткізілуі кіреді.

Алматы халықаралық БҰҰ Моделі – бұл жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға, белгілі коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға және студенттің көпшіліктің алдында сөйлеу қабілетін арттыруға көмектесетін оқу факультативті тәжірибелік тренинг. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері үшін Алматы халықаралық БҰҰ Моделі үздіксіз, жыл бойы жұмыс істейтін оқу үдерісіне енгізілген модуль болып табылады.

Алматы халықаралық БҰҰ-2012 Моделінің жұмысының құрметті қонағы ретінде алдыңғы қатарлы қазақстандық, шетелдік саяси және қоғам қайраткерлері шақырылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі