19 ақпан күні қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қатбаева Гүлмира эдвайзерлік топ студенттерімен бірге М. Әуезов атындағы драма театрға барып, "Қожанасыр тірі екен" атты комедиялық қойылымды тамашалады. Қойылымның басты мақсаты - Түркі мемлекеттерін ауызбіршілікке, татулыққа шақыру. Қойылым қоғамдағы келелі мәселелерді көрерменге жоғары деңгейде, шеберлікпен жеткізді. Қойылымды студенттер қызығушылықпен көріп, патриоттық рух алып қайтты.